Posted in

ҚУ ЖАНЫН ШҮБЕРЕККЕ ТҮЙДІ

Жанын сала тырмысты, тәуекелге бел байлады. ~ − Ырысбек мазаларыңды алмады ма екен деп, осы екі күнде қу жанымды шүберекке түйіп жүрдім,- дейді. С.Мұр. ~ Тәнеке. Ей, Қыдырбай, жылаған мен жаны күйген бүгін кеп тұрған! Біз қу жанды шүберекке түйіп кеп тұрмыз, білдің бе? М.Әу. ~ Көзге дәрі-дәрмек шипа болмайды. Қу жанымды шүберекке түйсем де дару іздеймін. Әсемім, әдемім, алланың сүйген құлы, бойыңды тартпа! Ниетім адал! Д.Дос. ~ Бұл сәт Мейрам көмбеге қарай жүгіреді. Қу жанын шүберекке түйіп әлек. Қолға түскен екі бала Мейрамды мазақтап күле бастады. Ш.Күм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *