Posted in

ҚУ ЖАНЫН ҚОЯРҒА ЖЕР ТАППАДЫ

Не істерін білмей әбігер болды. ~ «Нең бар еді? Бір қария, бір бала, екеуі елбесіп-селбесіп, күн кешіп жатыр… Қу жаныңды қоярға жер таба алмай сенделіп жүріп, басқаға үкім айтқан не теңің?» М.Қаб. ~ Бірдеңе бақылдайды, бірдеңе сақылдайды, сонан соң шөп артқан арбаның үстіне шыққанда қу жанымды қоярға жер таппаймын – ау. Қ.Ысқ. ~ Мынау бейбіт тыныштыққа бөккен орман ішінде бір сұмдықтың боларын сезгендей қарғалар қарқылдап, сауыс¬қандар қу жандарын қоярға жер таппай шықылықтап, ағаштан- ағашқа ұшып- қонды. К.Сег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *