Posted in

ҚУ ЖАНЫ ҚУЫРДАҚ БОЛДЫ (ҚЫЛДЫ)

Бәйек болды, жанын салып тырмысты. ~ Әрі-сәрі сүреңсіз күндер айларға, айлар баянсыз, бәтуасыз жылдарға жалғасып, көңілі түскір көкнәр ішкендей сенделдік. Бағдар нұсқадан жаңылып, қу жанымыз қуырдақ болуға айналды. Ә.Асқ. ~ Айналаңдағылардың қу жандарының қуырдақ болып тұрғаны бір ғанибет екен. Құрақ ұшып қарсы алады, құйындап жүріп шығарып салады. Төр сенікі. Н.Дәу. ~ Кейкі қашып келеді – Қашпасына, Қашпасына бір сырды ашпасына Қояр емес, Қу жанын қуырдақ қып, «Өңкей қиқым, би болған бас-басына!» С.Тұрғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *