Posted in

ҚУ МАҢДАЙ

Сорлы, бейбақ. ~ Апырай, жігіт айтты расың ба? Сен кеңес қыз Дәмемен құрасың ба? Айтайын қыздың жайын тілімді алсаң, Қу маңдай желікпей-ақ тынасың ба? С.Мұқ. ~ Еске түссе еңірейміз, қайран Барлық. Қу маңдай сені ұстауға етті- ау тарлық. Орысқа қараған жұрт қайтсын деген, Шын- машың Еженханнан келді- ау жарлық. Қ.Жұм. ~ Оның бұрыл басы бұрылған сайын, Микеланджело Моисейдің сақалындай шуда сақалы желкілдейді. – Ой, қу маңдай, болсаңшы, қиналды ғой жане- е- ем, — деген жарықшақ даусы шығады Күлшенің. Қ.Ысқ. ~ Тартуға тозаң тағдырдан — күнәһар болған барлық жан, Еврейдің халқына қырсық ұрық қалдырған”. Қол-аяғын тәңірі керіп тастап қорлаған, Мәңгі-бақи қуғындағы қу маңдайға сорлаған. М.Мақ. ~ Анамның берген ақ сыйын арқалап өтті қу маңдай, Құлазып өткен қулықпен құрғыр со бір жылдарды-ай, Арыстан емес, түлкідей күн кешіппін жылмаңдай. М.Мақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *