Posted in

ҚУ МЕДИЕН, ҚҰБА ДҮЗ (ШӨЛ)

Тіршілік нышаны жоқ иен дала. ~ Қу, жаным-м, қиналдың-ау! Қу медиен, құба дүзде жатып, дәм-тұзымның таусылғаны ма?!
Ит пен құсқа жемтiк болып, көз жұмғаным ба осылай? Шыбын жан-е-ем, сол! С.Ел. ~ Болғанда сен не болдың, түлкі болдың,
Қу медиен, құба жонның көркі болдың. Қолға түспей жүргенде оңды-ақ едің, Тұтылдың, қолға түстің, күлкі болдың. . М.-
Ж.Көп. ~ Судан қымбат тағам жоқ. Тек бұл маңда ғана емес, түбек жақтағы Қарарна, Қаратон маңы, Жылой атырабы,
Шұбыртпалы саласы… Саркөл мен Тайсойғанның түстігі тандыры кепкен қу медиен құба шөл. З.Қаб. ~ Далада қалқайған,
қарайған тас көрінсе де, ағаш көрінсе де тастамайды. Арада айлар, жылжып жылдар өтті. Маңдайларын күн, табандарын
сыз қарыды. Өздері әбден түңілерлік болғанда, аттың тұяғы, құстың қанаты күйетұғын қу медиен, құба жонда алты қой
бағып жүрген шалға кезігіп, жағдайын айтады. М.Қарғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *