ҚУ ТАҚЫРҒА ОТЫРҒЫЗДЫ Алдап кетті, түгін қалдырмай тонап кетті. ~ Ана шіркеудегі қаба сақалдыларды жылы жауып қой. Олар реті келсе құдайыңды да қу тақырға отырғызып кетуден тайынбайды. А.Смай. ~ Шықбермес Шығайбай құла жорғасын тайпалатып келе жатты. Көкейіне түйген ойы біреу-ақ. Ол – өзін қу тақырға отырғызып кеткен Алдардың үстінен Алаша ханға арыз айтып, есесін алып, кек қайтару. Бір ашуын бойына жиып, жауар күндей түйіліп, тістеніп алған. П.Дүй. ~ Елді қу тақырға отырғызып, халықтың аузын айға қаратқан адам ақырында өзіне лайықты жазасын алды. Ол 1942 жылдың күзінде атылды. БАҚ.
