Posted in

ҚУ ТАҢДАЙ

Ділмар, тілі мен жағына сүйенген адам туралы. ~ – Құрып қалғыр қу таңдай-ай, кiсiнiң көңiлiн ойран асыр қылдың ғой. Қайдан ғана пайда бола қойып ең мұнда! – деп ол әншi құсқа қарай жүгiрдi. – Жоғалшы, кетшi өзiң! Р.Рай. ~ Бұғы: Көп сөз айттың, Шортанбай, Не демейді қу таңдай. Мешітке ие қожасың, Жанғұттымен құда боп, Бар жақсыдан озасың. Айтыс. (“Бұғы мен Шортанбай”) ~ Уə, қу таңдай Жалайыр! Менен асқан еліңде Бар ма, сірə, бір шайыр. Жамбыл жырау толғанса, Домбырасын қолға алса, Пар келтірмес ешкімді. Айтыс (“Жамбыл мен Досмағамбет”)

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *