Жападан-жалғыз сопиып қалған адам. ~ Әр қазақтың ат десе, алғыр құс десе арқасы қозып тұратыны да осыдан болса керек. Астындағы аты үшін небір қияметке де көнуге бар. «Жалғыз атты кедей» деген атаққа да мойнын ұсынады. Ол ешқашан да атсыз қалып, «қу томар» атанғысы келмейді. Б.Мом. ~ Байланған осынау киелі танымға, Топырақ-деп қақсайды қу томар шалың да, Бір дәлел келтіріп көне бір аңыздан, Топырақ туралы береді уағыздап. Ұ.Дәл. ~ Міне, сол бөртпе шәліні сонан қайтып менің көзіме көрсеткен емес. Бір жаққа барса үйден жасырып алып шығып, сыртта ғана басына салатын. О, ана сыйлаған қарғаларым… Енді, міне, екеуінен де айырылып, қу томар боп отырған отырыс мынау… С.Мұр. ~ Замира: (Жылап отырып, айқайлап) О-о, қу Құдай! Саңырау Құдай! Соқыр Құдай! Қартайған шағымда жалғызсыратып қаңыраттың – ау… Қу томар боп отырған отырыс мынау… Е.Тоқ.
