Әзілқой, сықақшыл. ~ Бәйтен Жамантайдың Сақаның бала кезінде көрген. Бірақ түрін ұмытыпты. Ол кезде сақалы да жоқ болатын. Атақты сайқымазақ, қу тілді адам ғой. Аузы аузына жұқпайды. Бұлар бірдеңе сұрағанша, жауап беріп үлгереді.
Т.Әбд. ~ Жиналыстан соң бұнымен бірге сыртқа шыққан Ғиззат, өзі қу тілді, кішкентай сары кісі еді… Ә.Тар. ~ Оның аңғаруынша, бұл ел – кіші жүздің Тамасы, орта жүздің Шам шарлары сияқты ең бір қу тілді, мысқылшыл, жікшіл ел. Жай отырыстың өзінде бірін-бірі қасытып, шымшып отырады. Т.Әл.
