Posted in

ҚУ ҚҰЛҚЫННЫҢ ҚАМЫ (ҚУ ҚҰЛҚЫН ҮШІН)

Ішер ас, күн көріс қамы. * Қу құлқынның қамы үшін әншейінде иттей ырылдасып жүруші ек, бүйте берсек бір-бірімізді шынымен талап жеп қоятын шығармыз. О.Сәрс. ~ Тәуліктің аз ғана бөлігінде тыныстап, қалған уақыттың бәрінде тек қу құлқынның қамымен тамақ іздеумен болатын. К.Сег. * Бейқамдығын пайдаланған қарақшылар Қабылданы шоқпармен ұрып құлатады. Кейін мылтықпен аяусыз атқылаған. Осы айуандықтың бәрі қу құлқынның қамы үшін жасалған. Н.Әлм. * – Айпырмай… жұрт тағы да қынадай қырады деші. Мүйізіне бола мың-мыңдап жайратады-ау аямай. Бәрі де ақша, қу құлқын үшін. Ж.Шағ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *