Риза болды, көңілі толды, қанағат алды.. * Алшағыр Сүкеңнің қолтығына су бүркіп жатыр. Шалдың қыбы әбден қанды, асылы, өйткені келер сөзінің жібі түзу болды. М.Қаб. * Сағымбай бұл әнгімелерді көп ұзамай-ақ есітті. Ана ауылдың да, мына ауылдың да айтып жүргендері өзі жазған хаттардың әлегі екенін біліп, әсіресе Сейілбектің әуре-сарсаң сапарына қыбы қанған. Т.Нұрм. ~ Аймырзаның сөзіне қыбы қанып, рақаттанып қалған сияқты. С.Мұр. * … жұрт алдында май ұрлаған мысықтай жұмған аузын аша алмай, жүні жығылып отырған бастыққа жабылып, иттей талап жатса, мына жақта соған қыбы қанған қатындардың құдайы беріп, сол күні жұмысты қойып, хии-и-лап күліп жолы болады… Ә.Нұрп. * Мұндайда сүйекке қызынып, дауыңды қуып, жоқшың болып беретін туыс – туғанның түрі анау. Табалап, қыбы қанып, қуаныш көрмесе, көмек қолын созар ниет табыла ма олардан. Ж.Сәм.
