Қаны қызу, елірме. ~ Бір нәрсені ұнатса, Қайта ойланып қарамас. Мақтатып жұртты шулатса, Құмары сол қызба бас. Абай. ~ — Ұнатсаң — болды. Менің сөзім — саған бір ой түсірейін, айнытайын деген ой емес, — деп күліп: — қызды көрген жерде жыны ұстап кететін бір қызба бастық болушы еді, сол болмасын, өздерің айтқандай, салқын сабырмен ойланып айтсын деген сөз. М.Әу. ~ Бұнда Ақбердінің Мұсатайы, Майбасардың өзіндей даукес Ақметжаны, Өсердің бақырауық Мақасы, жас, қызба бас Ақылпейісі, Таңшолпаннан Елеусіз дейтін барымташы, ұры бар. Осындай оннан аса жуан Ырғызбайлар тілсіз шоқтіар, сойыл етіп жүретін атқосшы — жылқышыларын ертіп шығыпты. М.Әу. ~ Алғашында араша сұрай келген, бұл топты азсынғандай едіреңдеген, қызба бас жігіттерін Мамозы өзі тоқтатқан. Ж.Ахм.
