Әдемі, жып-жинақы, тинақты, бәрі орын-орнына қойылған. ~ Мана таңертеңгі облыстық радио хабары да осы ферманың өмірінен басталды. Қозыларды сәбидей мәпелеп отыр деп соқты-ау, шіркіндер. Маялары қыздың жиған жүгіндей деп бір бөстірді. К.Қаз. * Өткен күзде қыздың жиған жүгіндей жып-жинақы кабинет қазір ашық-шашық, сөредегі кітаптардың біразының жазулары теріс тұр, латын әрпі ме деп қаласың, газет-журналдар аласа үстел мен орындық үстінде ыбырсып жатыр. М.Қаб. * Әкесінің көзі, сыралғы жолдасындай болып кеткен балта, балға, сүргі, түрпі, шапқы, қашау, ара — кілең құрал-сайман. Қыздың жиған жүгіндей әр құралы рет-ретімен қалаулы тұр. Ү.Жәл. ~ Тау алқымы қож- қож қына басқан жақпар тас екен, қыздың жиған жасауындай текшеле¬ніп қалыпты. Бірде тырмысып тасқа шығып, бірде жабысып тасты айналып, қуыс- қуысты сағалап өрлеп келем. Ә.Асқ.
