Өрекпе, лап еткіш, намысқой. ~ Мұндай өктем де өкіреңдеген оспадар қимылға жаны қас, қызу қанды Қондыбай: — Екі қан шелек, не шатып тұрсыңдар? Болыстарың анау қостап жылқы бағып отырған байларды көрмей, менің жалғыз керігіме көзі түсті ме? С.Бег. ~ Дегенмен, Күнтуар бұған сенгісі келмеді. Тіпті мүмкін емес деді ол өзіне – өзі, жиырма бес жастағы қызу қанды жас жігіт емес, ақыл тоқтатқан адам, сондай жан түршігер күнәні істеуі мүмкін бе? Жоқ, егер жүрегінде сәл адамгершілік сәулесі бар болса ондай қылмысқа бармайды. І.Ес. * Шын өнердің айқасына мынадай Қызу қанды Жабай кетті шыдамай. Е.Ибр. * Екі жастың үйлену тойында өз өлеңдерін ыстық шабытпен оқыған қызу қанды ақындар да қызыл кеңірдек боп бір-бірімен дауласып жатыр. Т.Берд.
