Posted in

ҚЫЗЫЛ ЖОСА ҚАН (ҚЫЛДЫ)

ҚЫЗЫЛ ЖОСА ҚАН (ҚЫЛДЫ) Ұрып-соқты, қанға батырды. * Айтқанындай, түн асып, ертеңгі күн бесінге жеткен шақта Шүйгінсу, Қарауыл бойы, мол Шыңғыс қойнаулары түгелімен Тәкежанның қалың қос жылқысын түп-түтас, қызыл жоса қан қылып, қырып салды. М.Әу. * Қашаған көк сиырды іздейтін кім? Әрине, Ержан. Ши-шиді аралап, велосипедті томарға соғады, шырмауық атаулы ширатылып шабаққа оратылады. Маса, шіркей, балтыр, білекті қызыл жоса қан қылады. М.Қаб. ~ Оқ оң жақ қолтығынан тиіп, сол жақ жауырынынан шығып кетіпті. Қызыл жоса қан шөп басын бояп, қара жерге сіңіп жатыр. Қ.Жұм. ~ Жарты сағаттан кейін үсті-бастары қызыл жоса қан, киімдерінің пәре-пәресі шыққан, бірі – ақсаған, екіншісінің – қолы сынған… І.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *