Жанжалдасты, өршелене дауласты. ~ Түнімен жан терге түсіп, ағаларымен талай қызыл кеңірдектесіп, әзер-мәзер, әйтеуір, ертеңінде еш нәрсе жоқ, тым-тырыс қылды да қойды. С.Тор. ~ Қызыл кеңірдектесіп тұрған екеу араларына Абағай киліккесін де біразға дейін бой бермеді. Дау ұзап бара жатқасын Батыр сұлтан қасындағы бір топ жігітпен Бақтыбайдың қасына барып кимелей тоқтады. Ә.Кек.
. ~ Осы арақтың үстінде сөзден-сөз шығып отырып Фазыл мұғалімді біреулер мақтап, біреулер боқтап сөз күресі болды. Шалматай Фазылды жақтап, оны жамандағандардың сөзін өрге бастырмай қызып кеңірдекке түсті. І.Жанс.
