Әбден болдыртты, қара терін ағызды. ~ Ауылға шауып кіріп, ауылдан шыға шабатын Тұрсекеңе ат шақ келмейтін, аз күнде арқасын алдырып, қызыл май қылып зорықтырып тастайтын. Т.Ахт. ~ Елтайдың онсыз да таяз қалтасының түбі аптадан соң анық көрінді. Тас кенеше жабысқан Белгібек арқасынан түспей, ақыры қызыл май қылды. М.Қаб. ~ Алғашқы бір екі күнде біз тоқ шауып қызыл май қылып алқындырып алған ат сияқты шаршап — шалдығып, тез болдырып қалғанда сыр бермеген осы Маруш болды. Т.Ахт.
