Posted in

ҚЫЗЫЛ ТАНАУ БОЛДЫ

Қауырт қимылдап, жанын сала әрекет етті. ~ «Асық ойнаған азар, топ ойнаған тозар» деп ойынға тыйым салған.
Сондықтан жасырын ойнайды. Бес-алты бала қызыл танау болып жатқанда сары жетті. Ғ.Мұст. ~ Осындай бір кезекті науқанның кезі болатын. «Егер коммунизм күнін бір табан жақындатқың келсе, көмір өндірудегі тоқсандық жоспарды мезгілінде орында!» деген ұранды газетке де үсті-үстіне төпелеп жазып, әр шахтаға да ілгізіп, қызыл танау болып жатқанбыз. С.Шай. ~ … қолындағы бір жапырақ қағазға қарап қойып, қарды қандай етіп ою керек, оны қалай
қалау керектігін айтып, қызыл танау боп бәрін өзі басқарып жүр. С.Мұр. ~ Қара күз болып қалса да елдің көбі егіс басында, қызыл танау кез. Тіпті үйіне де келмейді, қоста, қырманда түнейді. К.Қаз.

  1. Өрекпіді, елірді; лепіре сөйледі. ~ “Қазақстаннан келген Қанатты ауыл секратары қалай түсініп қалады?” дегендей,
    Айдынбай, бар пәлені мәдениет төңкерісі кезіндегі қызыл танау, қызба саясатқа итере салғысы келіп, қиядан қылаң берді. Т.Рыс. ~ Осы кезде қолын сермеп, қызыл танау болып, шексіздікке қарап, сөйлеп тұрған шешеннің құлағына: “Тоқтат!” деп әлдекім айқайлағандай болды. О.Бөк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *