ҚЫЗЫЛ ТІЛІҢ ҚЫРҚЫЛСЫН Мылқау болғыр, сөйлей алмай қалғыр д.м. қарғыс. ~ Сонда Мәмбет: «Омеке-ау, мен сені балағаттадым. Балағаттамай қайтейін, масқардың қатындары масқаралап, қуыс-тесігіңді қалдырмай былғап жатқанда, есіл Омарымды бұларға қор қылғанша, өзім де бір сыбап қалайын деп едім» депті. «Қызыл тілің қырқылсын, құдай сенің осы тіліңді аз да болса қысқартайын деп сақау етті ғой сені» деп Омар жүре берген екен. Х.Ес.
