Posted in

ҚЫЗЫЛ ҚАРЫН (ЖАС БАЛА)

Өсіп-жетілмеген, ес біліп, етек жаппаған, буыны қатпаған бала-шаға. ~ Адал еңбек, маңдай тері, қызыл қарын жас баланың көз сүзіп отырған егіні күл-талқан болып жоғалып барады. Жаздайғы үміт пен тілектің өшкені, өшіргені осы! М.Әу. ~ Жаны қиналған азабын жеңілдетіп, тезірек аттандырып жіберу де сауап шығар. Қайткенде де обал жоқ. Обал… кейінгі қызыл қарын жас балаға обал. М.Мағ. ~ Бірақ… Күллі дүниені бір тарының қауызына сыйғызған өтпелі кезеңде қолжазбасын сандыққа салып, қызыл қарын жас бала мен қара қазан қамы үшін не істемеді ол. З. Жұм. ~ …үй сайын мұрынынан сорасы, көзінен жасы арылмай отырған қызыл қарын жас бала жылайды, оларды немен жұбатарын білмей, жердегі өшін кімнен аларын білмей, көктегі құдайдың құлағына жармасып жатқан бір-бір қара шұнақ қатын шаңқылдайды. Ә.Кек. * Соңыра қыс түскесін үйелмелі-сүйелмелі қызыл қарын балалар ұядағы аш балапандай ас сұрап шулай бастағанда, Еламанжан-ау, кірерге тесік таба алмай қаласың ғой. Ә.Нұрп. * Салпы етек бөз көйлектің бір шалғайын жоғары көтеріп ышқырлығына қыстыра сал ды да, қызыл қарын жас немересін алдына алып ыңылдап отырған қайын ененің қасына қол таяна тізе бүкті. Ә.Нұрп.~ Еңіреген елдің етегі жасқа толды. Қызыл қарын бала мен қара казан қамы үшін жүрген ер екеніміз рас болса, атқа қонатын уақыт жетті, ағайын! Б.Тоғ. ~ Ішінен сол үңгірдің шығады үні Күңіренген жетім ұлдың — қызыл қарын; Жаутаңдап жас қара көз жасқа толып, Үні — зар, жүрегі — шер, іші — жалын. Д.Әбіл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *