Posted in

ҚЫЗЫЛ ҚЫРМАН

Аспа-төкпе, аса көп, мол. ~ Жыл сайын байтақ өлкем – Шуақтанып, Қырынан ағыл-тегіл сый ақтарып, Әлемге дән жұпарын тарататын Тұрады қызыл қырман сияқтанып! С.Жиен. * Қызыл бидай әнін шырқап, Қырманда жүр қыз-жігіт. Қызыл қырман —қызыл таулар, Қолдан соққан мүсіндей. С.Мәул. * Мына қыры қазақтың, Ана қыры Қызыл қырман бүгінде, Қала бірі. Қ.М-Әли. ~ Енді есеп білмейтін бастығы бар жерлерде «ақ үй, айраны жоқ қақ үй» дегендей қамбалар қаңырап бос қалды. Оған ақ түйенің қарыны жарылған, ақ сабан, қызыл қырман кезде де бір дән құйылған жоқ. Б.Қыд. ~ Бірақ амалымыз қанша? «Піскен астың күйігі жаман» деп қызыл қырман, қара қазаныңа көзімізді сатып, келіп отырған жайымыз бар. Қ.Жұм.

  1. Қызу науқан. ~ Өткен ғасыр. Өлара мезгіл. Қыркүйектің қазанға қарай өкше көтерген кезі. Жастар газетінің қызыл қырманы. Баспасөзге жазылу науқаны. Ө.Орал. ~ Әуелі шөп шабуды, сосын егін орағын күтіп, соларға жайымен, аспай-саспай әзірлену, баппен балық аулап, қашан егін пісіп, қызыл қырман басталғанша, жанды қинап зорланбай, күнбе-күн туындап жатқан жұмысты қағып тастап отыру — енді қарап тұрса, ұзақ жылдар бойы тап осылай өмір сүріпті және сол өмірдің не екенін білмепті. В.Расп.
    3.Тазаланған астық. ~ «Алтын күрек» – жел аты «Жүрек» таудан соғатын, Ырыс – дейді – қанатын Дән сорғалап таматын. «Қызыл қырман үстінде Алтын күрек ескенде, Қалмас елдің ішінде Ризықсыз еш пенде! Ғ.Қай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *