Қалың сұр бұлт арасынан, не аязды күнгі қызара қылт еткен күн.~ Елтай, Қытандар оранып-шымқанып, үшінші күні дегенде қызыл «Кировецті» өңкеңдетіп алға салып, жолға шықты. Боран басылған. Қызыл құлақ күн шайдай ашық. М.Қаб. ~ Аяз шарпыған қызыл құлақ күн әйнекке жабысып алып, ішке баттиып қарап тұр. М.Қаб. ~ Бадырақ қой жайып тұр. Даланың алыс аспанындағы бұлт бетін бүркеген қызыл құлақты күн қылт етіп, шаңыт тұманға қайта кіргенде қойшы күн Балшабай көзіндей деген ойдан айырылып қалып, жайылып жатқан қойға қарап «шайт, шайт», — деп қойды. І.Жан.
