Рахатқа батты. ~ Тобылғының түбінде тоңқиып жатқан әулие. Отқа сиген Салиядан Еспай туған әулие…» деп сарнайды. Мұрнына, ерніне ине сұғып өткізеді. Отқа салып қызартып шымшуыр жалайды. Ауыл қызыққа кенелді. Ғ.Мұст. ~ – Қазiр, тоқта, мына ойынымды аяқтап тастайын! – дедi ол да сонадайдағы түпкi бөлмелердiң бiрiнен үн қатып. Шамасы жапсарлас бөлмеде компьютердiң қызығына бөксе керек, ыжылдаған, болмашы гүрсiлдеген дауыс шығады. Ә.Ыб. ~ Бұл бір ғибратлы әңгіме екен, жастар қайдан білсін, дән-дәулеті шалқып, ұрпақ қызығына бөленгеннің бәрін армансыз деп ойлайды ғой… А.Кең.
