Әлде бірдеңенің (біреудің) ләззатын молынан көрді, рахат сезімге берілді. ~ Өзге жұрт Арал кезіп, арақ, қымыз ішіп, қызыққа батып жатқанда, жападан жалғыз отырған неткен келіншек екен?! Тегі жәй емес қой; аузы жыбырлап, жынды кісіше өзінен-өзі сөйлеп отыр. Ж.Айм. ~ Мен: – Қойды неге ат мініп бақпайсың, – дедім. Аты болса екеуіміз жарыссақ, адам айтқысыз қызыққа бататын секілдендік. Б.Майл. ~ Осы жүрістің қызығына батып мен шаршау дегеннің не екенін де ұмытып кеттім, әлі жалыға қоймаған жетекшімнен де екі елі қалғам жоқ, ілестім де отырдым. Ж.Верн. ~ Шағала жүр ойқастап, Қызығына батамын, Құлағымды ерніңе Неге сонша тақадым? Г.Гейн.~ — Әлгі күйеу бала ғой, сойы қайнап, киіз үйде таң күзетіп отыр. — Енді қайтсын байғұс, қалыңдықтың қызығына батам деп келген ғой. Иә саған, қызыққа белшеңнен батарсың. С.Жүн. ~ Болып па едің шыңырау құзда бұрын? Қызығына батамыз біз бәрінің, – жауыны бар малшынар, дауылы да, сауығы да бар шығар қыздарының. С.Им. ~ Таң алдында шалдар соңғы стақандарын ішіп, көй- көй əнге басқанда, жастар билеп қызыққа батқанда Степке мен Менке қорадан шығып жөнелді. Əуелі Менке шықты. Ж.Айм. ~ Түйдей құрдас, бес-алты жасар Елбасмыш пен Өзбек ұйқыдан өзге уақыттарын үнемі бірге өткізген. Асық ойнап алысып, тай мініп жарысып әбден қызыққа батқан. І.Ес.
