Posted in

ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ

Әлдебір жағдайдың рахаты мен мехнаты. * Енді мынау қызығы мен шыжығынан қиянаты көп өмірдің қырсығына егескендей бас бармақты сұқ саусақ пен ортан қолдың жықпылынан шығармайтын болған. Қ.Ысқ. ~ Тағдыр адамның да, малдың да пешенесіне көрер қызығы мен шыжығын пішіп бере ме екен. К.Жүн. ~ Хан билігінің де қызығы мен шыжығын бастан кешірген көшпенді халықтың көбі жаңа жарғыны уағыздаушылардың жылмаң сөзіне ұйып, тың тәртіптің тұрмыс жағдайын жақсартатынына сеніп, өзгерістерді асыға күткен еді. С.Ақт. ~ Құтырды қатын біткен, құтырды! Демократияның қызығы мен шыжығына қарық боп жүрген солар! Сорлады ғой, еркектер, сорлады! Ө.Кәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *