Posted in

ҚЫЗҒАНҒАНЫ ҚЫЗЫЛ ИТКЕ ЖЕМ БОЛДЫ

Біреуге қимаған дүниесі текке құрыды. ~ – Жұмысшыларға сойып берейік деп сан рет азғырғанбыз. Көнбеген. Қызғанғаны қызыл итке жем болды деші… Обал-ай… О.Бөк.~ Сондай уақытта өзімде бас тартқызбай алып бара жатқан асау сезімді зорға тоқтатып «Сабыр, сабыр етші, уақыты келгесін бәрі де сенің иелігіңде ғой» деп шашынан еркелете сипайтыным, енді соның бәрі адыра қалып, жаным сүйген ардақтымнан қызғанғанымның қызыл итке жем болғанын өкінішпен ойлаймын. О.Көш. ~ Бұл сезім әрекетке ұласқанда небір түрлі қастандық пен зұлымдық туады. Өзгенің қолындағы нығметті қалай да жойып тынуды көздейді. Ең қызығы ол өзіне де бұйырмайды. Атадан қалған мынадай жақсы сөз бар – «Қызғанғаны қызыл итке жем болар!» Р.Жұм. (БАҚ)

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *