Құдандалы-жекжаттық қатынастағы адамдар туралы. ~ Көңіл жақын, жекжат адамдар кейінгі ұрпақ суысып кетпесін деп, бір – бірімен қыз алысып, қыз беріп отырған. Оны «сүйек жаңғырту» деп атаған. З.Ибад. ~ Ол ауылмен біздің түк қатынасымыз жоқ… Шағымын бере берсін… Ол ауыл үшін ара түсер жөніміз жоқ… Əйгілі, кесірлі ауыл емес пе? – (Ішінен) Кесірлі болса да, қыз алысып, қыз берісіп отырғандары есінде жоқ. (Естіртіп) Ол ауылдан қол үзсеңдер жарайды ғой… Ж.Айм. ~ «Би екеу болса, дау төртеу» дегендей Қыдырғалидың қазасының соңы талай сөзден таяқ таянған от тiлдi, орақ ауыздыға оттың басын сабатқан бiтпес дауға, айрандай ұйып, қыз алысып, қыз берiсiп отырған Табын, Тама бiр–бiрiмен жауға айналды. К.Сег.
