Posted in

ҚЫЗ ОЙНАҚ

Жастар жиылып оңаша ойын-сауық құруы. Үйдегі үлкендер бір жаққа кеткенде бойжеткен қыздың құрбы-құрдастарын шақырып өткізетін ойын-сауығы.~ Ол ел аралап жүрмеген, әндерін шығарған жырларын тек үлкен сауық үстінде, қыз ойнақта, ұлы тойларда айтып жүрген, ел аралауды, сый алуды онша жақсы көрмеген. Ә.Марғ. ~ Қыз ойнақта отырғандар жанжал кезінде бір ауық өрекпіп қалып, жым болды. С.Ом. ~ Назарқұл саусағымен аузын қақпалап, сақтана сөйледі: – Майысқақ емес сайысқақ! Қыз- ойнақта қамырға сүйек қосып асатады. Т.Әл. ~ Үш күн бойы қайын жұрттарына келіп, қыз ойнақта жатқандай, жүздері күреңітіп алған. Ә.Кек.~ Ертеңінде бір қой сойылып, той-томалақтың ырымы істелді. Қыз ибасын бір қараша үй алып, қыз ойнақ қылды. Өз шамасынша жиналған қыз-бозбала ойнаған, өлең айтқан болысып, ауыл жігіттері орамал, шаршы ырымдарын алысып тарасты. Қол ұстауға асығып, Күнікейді қатындар алып қайтты. Ж.Айм. * Содан, Құдайқұл атамыз уағдалы күні сал-серілерімен алыстағы қанжығалы еліне барса, тура қыз-ойнақтың үстінен түседі. С.Жүн. ~ Бала кезде Ырымкүл мұны ойнап «қортық» деп мазақтайтын. Сол «қортығы» осы Зарып. Бері келе Зарып елде сирек болды. Өткен қыс демалыста ауылға келгенінде осы Ырымкүл мен Зарып бір «қыз ойнақта» кездесіп еді. Б.Майл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *