Posted in

ҚЫЗ ҚАШАР

Қызды алып қашуға себі тиген адамдарға арнайы берілетін сый-сыбаға, дәстүр. ~ Қашқан қыз бен жігітке арналған үйдің қожасына жігіт ат мінгізеді не шапан жабады. Бұл кәде «қыз қашар» деп аталады. Ы.Алт. ~ «Былайша қыз қашар дәстүрін өткізетін үйді «болыс үй» дейтін көрінеді. (Х. Арғынбаев). Күйеудің келуін «ұрын келу» десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі «қыз қашар» дейді. Бұл «ұрын тойы» өтетін күні болады. БАҚ. ~ Сол күні қалыңдығы жеңгелері атқа мінгізіп басқа ауылға, бір ағайынның үйіне алып кететін болған. Бұны қыз қашар деп атаған. БАҚ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *