Posted in

ҚЫЛАУ ТҮСІРМЕДІ

Кір келтірмеді. ~ Мұрат қашан да өз қатарласының алдында болуға, істеген ісіне қылау түсірмеуге барын салады. Т.Ахт. ~ Шыңғыс Айтматовпен адал достығына қылау түсірмей қаз- қалпында ұстап келе жатқан санаулы шоң қырғыздардың бірі һəм бірегейі осы – Абдықадыр Садықов. З.Қаб. ~ Ғафу деген ер есіміне қылау түсірмей, түтінін түзу шығарып отырған гүлдей нәзік, тастай берік адал жар, ардақты ана. Ш.Мұр. ~ Осы Баукең өле-өлгенше “менің халқым” , немесе “менің қазағым” деп өзеуремепті, өрекпімепті, өңештенбепті. Халқының, қазағының ар-намысына қылдай қиянат тұрмақ, қылау түсірмеген. И.Сап.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *