Posted in

ҚЫЛДАН ТАЙДЫ

Жаңсақ басты, қателесті, жаңылды, жолдан тайды. * Жарылған тиіп кетсе қағанақтай, Жаратқан бүйтіп шетін жаны құрсын! Мінгізген қылдан тайсаң ағаш атқа, Өзімшіл еркектердің заңы құрсын! Ж.Айм. * Жантас (Бибішке). Қылдан тайсам
ерегісетініңді білемін, осыған жеткенің жеткен-ақ. Бірақ көріп алдым. Қайтейін. М.Әу. * Олардың барлығының қылмысын дәлелдеп алып отырғызу қайда ол кезде, кейде қылдан тайған сорлының біреу қыр соңынан қалмайды да, дәм-тұзы
түрмеден болады. Б.Қыд. * – Оларға бергенде жақсысың да, сәл қылдан таяр болсаң ештеме көрмегендей мысықша көзін жұмып, шыға келмей ме. С.Жүн. ~ Сөйтіп, менің жақын серігім, «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы Ахат Жақсыбаев «Қазақ əдебиеті» газетінің бас редакторы болып сайланған еді. Бес-алты жыл отырды, бар шаруасын, қылдан таймай, абыроймен атқарды. М.Мағ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *