Posted in

ҚЫЛПЫП ТҰР

Жүзі жалт-жұлт етіп тұрған өткір құрал. ~ Отыз ұлының ішіндегі ең өжеті, айбатына қайраты сай Қасымға бүйрегі қанша бұрғанымен қылыш жүзіндей қылпып тұратын өткір, өр мінезді ол билік тізгінін тең ұстай алмай, елді өзінен теріс айналдырып ала ма деп қауіп ойлаған сияқты. С.Ақт. ~ Опыр-топыр қорыс екен. Шашылған, төгілген қан екен. Жинаған жоқ, қараған жоқ. Босағадан кереге басынан үлкен ақ балтаны алды. Жүзі қылпып тұр. М.Мағ. ~ Мінезі ұстараның жүзіндей қылпып тұратын өзгеге құмартып кез келгенге килігетін Қасымға ол қиындау. С.Ақт. ~ Иығына күртешесін іле сала, «қорым, қайдасың?» деп тартып отырды. Шығып бара жатып, әкесінің соғым соятын, қылпып тұрған қанжарын ас үйден алып шықты. А.Рақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *