Posted in

ҚЫЛША МОЙНЫ ТАЛША

Мойын ұсыну, құлдық ұру. Не істесең де еркің д.м. ~ Қара тоны түскір үстерінде ме, жоқ па, түгендеуге мұрша келмеді. Кінәңіз сол болса, қылша мойным талша. Одан үлкенге кене алмаймын. Менің кінәм не? М.Қаб. ~ Ұсынған қолын сілкіп тастамаса да, алғысы келмей кермалданған қалыңдығының алдына келіп тізесін бүкті. – Алдыңа келіп жүгіндім, Зипәгүл, қазір кесіп алсаң да қылша мойным-талша. Ғ.Біл. ~ Иә, реніштерің орынды. Мойындайым. «Қылша мойным талша». Не істесеңдер де қолдарыңды қақпайын,— дей берді. М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *