Қаһары жан шыдатпай, айналасына озбырлығы өтіп, қанға
құмартып тұр д.м. * Бұл іс Николай чиновниктерінің қылышынан қан тамған 1911 жылы болғандықтан, қашқын Әділді қауымға білдіріп қоя алмай, Байжан мен Асан ақылдасып, сыр шашпайтын жақындарын ғана шақырып, Әділ мен Марияны жаназалап, түн ішінде апарып Әділдің қыстауының қасындағы жаңа қыстау салам деп жиған тастардың астына жасырын көмді. Шәк. * Адам жеңбей арыстан, Көп адаммен алысқан. Қылышынан қан тамған, Бірнеше күн жол жүріп, Кездесуге Еділмен Іздеп келді алыстан. “Еділ мен Жайық б.” * Қыз қанша ақылды, ұстамды болғанымен, бүкіл Алтын Орданың билеушісі, қылышынан қан тамған және қыз қызығарлықтай келбетті, адуынды ханның тілегіне қарсы шыға алмаған, дегеніне көнген. І.Ес. * Орыс отаршылары, коммунистік идеология қанша қылышынан қан тамғанмен, қазақ санасынан Алаш идеясын сөндіре алған жоқ. Р.Нұрғ. * Боранқұл, жас күнінде, қылышынан қан тамып тұрған дер шағында айтқанынан қайтпайтын қатал Боранқұл буыны кеткенін көрсетіп, алып кететін ұлдың тіліне иланайын деді. Ғ.Біл.
