Posted in

ҚЫЛЫШЫН ЖАЛАҢДАТТЫ

Қару кезенді, қаһарын төкті. ~ Айнала қанды қылышын жалаңдатқан қалың жау, енді қайту керек? Ж.Шәк. ~ Сонда «ойпыр- ай, мынау Оспан көзімізді бақырайтып, тотитып кетті- ау! » – деп күйеу жолдасы Кәрібай жау кеткен соң қылышын жалаңдатумен болып еді. С.Омар. ~ Мен осы сәтті пайдаланып, өзіміздің адамдарға қарай жөнелдім. Қарсы алдымнан тағы да ақтардың атты он солдаты қылышын жалаңдатып шыға келгені. С.Бег. ~ Қарап жүрмей құтырынып, қазақпен соғысамын деп қырылып кете жаздаған, ілде-алдалап Еділдің арғы бетіне өтіп, орыстың қолтығына тығылып аман қалған құба қалмақ пен башқұрт-мешер аламандары аңдып жүріп батыстан келіп тиіссе, көк желкеде қисық қылышын жалаңдатып, қайтсем қапыңды табамын деп Хиуа ханының жалдамалы жендеттері тұр. Н.Қам.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *