Posted in

ҚЫЛЫ ҚИСАЙМАДЫ

Түгі кетпеді, еш өзгермеді. ~ Жастар дегенде, менімше, әңгіме былай: өмірді рухани күрескерлік рухта бастау керек. Болып, толып алу деген кезеңдері бар. Қиындықтан қылың қисаймасын. Ерік-жігеріңмен еңбек ет. Н.Дәу. ~ Қалың мұңның құшағына оранып, жетім қозыдай жәутеңдеп қала бердім! Сенің нең кетті?!. Қылың да қисайған жоқ. Д.Рам. ~ Сансыз тамшылар бір нәрседен құр қалғандай, көктен жерге жарыса түсіп жатқанымен, аспанды тұтас жапқан қара бұлттың қылы қисаяр, сабасы ортаяр түрі жоқ. Ж.Баз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *