Құлдыққа салды; еркіндігінен айырды. ~ Тер пұшпағынан ақты. Жыртық милық, жалбыр тымағын қолына алды: жаман тонның белін шешті. А дегенде бойы әнтек сейілген тәрізденсе де, аздан соң шекесіне қыл бұрау салған адамдай, басы тарыла бастады. Тер қатқанын біліп, жаман тымағын жалп еткізіп қайта киді. Ж.Айм. ~ Құрыш, берік адам құдайының алдында мүлде босаған, егіле жылап отыр. Жайшылықта тақымына қыл бұрау салсаң сол жастан бір тамшы тамбас еді. Ж.Айм. * Тер пұшпағынан ақты. Жыртық милық, жалбыр тымағын қолына алды: жаман тонның белін шешті. А дегенде бойы әнтек сейілген тәрізденсе де, аздан соң шекесіне қыл бұрау салған адамдай, басы тарыла бастады. Ж.Айм. * «Осылай болу аян-ды… Көрсетпе итті көзіме! Жап зынданға қараңғы! Қатыр аштан арамды, Қыл бұрау сал өзіне! М.Жұм. ~ Бота күнінде ойнап, үйдің еркесі — Ермекті тізесімен қағып жіберіп, төсіне баспақ болғанда да бұған ешкім бір таяқ салған жоқ. Тентектерге берілетін сыбаға буған тимеді. Қыл бұрау салмады. Б.Қыд. * Қазақтардың тілімен айтқанда, тұсаудың кеңіп, арқанның ұзарған бір кезі. Кең қоныстағы бұла жұрт қалың тамаға қыл бұрау әлі түспеген. М.Мағ. * Аяқ қолға қыл бұрау түскеніне үш жыл толды. С.Смат. ~ Құрыш, берік адам құдайының алдында мүлде босаған, егіле жылап отыр. Жайшылықта тақымына қыл бұрау салсаң сол жастан бір тамшы тамбас еді.
