Ауыр сынаққа тап болды. ~ Шегесі босаған тақтайлардың бір басын бассаң, екінші басы сартылдап, қопаңдап кетеді. Ондай жерлерде қыл көпірден өткендей екі қолың ербеңдеп, қалай құламаудың амалын қарастырасың. С.Шәйм. ~ Ауылға қайтатын тас жолдың екі жағы да – қалың егін. Қыл көпірден өткендей қиналасың. Б.Ыб. ~ Сөйтіп ол қызбен мен осылай үш күн бірге жаттым. Сол үш күнде үш рет қыл көпірден өткендей болдым. Тізем дірілдеп, буыным қалтыраған сәттер болса да, құламай аман өттім. Ә.Нұрш. ~ Тағдырдың қиын сыны, сабындай бұзылып, сайтандай құбылған алдамшы замана пенделерін сынаққа салатын болса, бұл сыннан «қыл көпірден» өткендей сүрінбей өтетін адамдар көп болмаса керек. Ж.Шәк.
