Posted in

ҚЫМЫЗ МҰРЫНДЫҚ

Бие байлағанда алғашқы ашыған қымызынан «қымыз мұрындық» деп жасайтын дәстүр. ~ Қазақтардың ұғымында ең дәмді қымыз ысталған ыдыста жасалады. Кейін қымызды ағаш күбіге ашытатын кезде отқа ұстап оның да ішін ыстайтын болды. Осыдан соң, әр түрлі жора-жоралғылар істеледі. Шамасы «қымыз мұрындық» аталатын кәде қазақ халқында содан қалса керек. Оның мәнісі алғашқы қымызды жұртқа ішкізу (таттыру). С.Мұқ. ~ Бiр Найманнан бастау алған екi жұрт тау басындағы сұлудың жанарындай мөлдiреген көлдi тел емiп, тату-тәттi дегендей, бұрын келгенi кейiнгiлерiн ерулiкке, қымызмұрындыққа шақырысып, жаз қызығын бөле-жара ортақ қызықтасатын. К.Сег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *