Қайнаған өмір, қызу тіршілік. * Ағаш бұтақтарының ара-арасы қым-қуыт тірлік: торғайлар дүр етіп қонады, дүр етіп ұшады, шарылдасып үйме-жүйме төбелесіп жатқандары да жетерлік. М.Қаб. * Осынау бақыттан басы айналған Қызбалтай шаршауды білмеді, балалардың несібесі қым-қуыт тірліктің шылбырын қолы-қолына жұқпай естірген. Н.Дәут. * Азаматқа сын, елге салмақ болып кеткен сергелдең, қым-қуыт өмір қандауыры қатты батып тұрмай ма осы күнде. Т.Рыск. * Мына қым-қуыт дүниенің шаң-тозаңынан шаршап, жан тыныштығын ойлағанда, балдыр арасына барып жата кеткісі келеді. Қ.Жиенб.
