Posted in

ҚЫНАПТАҒЫ ҚЫЛЫШ (СИЯҚТЫ)

Жауына тап беруге дайын, қылшылдаған, қуат-күші тасыған жас туралы. ~ Тегі ол менің батальонымның қынаптағы қылыш сияқты, Панфиловтың резервінде болғанын, ал генерал қылышын қынабынан қиын-қыстау кездерде суырып қиямет кезеңдерге сілтегенін айтатын болар. Б.Мом. ~ Өзіңнің әлдекімнен биік, ақылды екеніңді сезіну – кемелденудің басы. Мінез – қынаптағы қылыш, я кісінің басына іс түскенде, я қатты қиналған кезде жалаңаштанады. Д.Дос. ~ Жиырмамда сегіз қырлы сынаптаймын. Отызда таудан аққан бұлақтаймын. Қырқымда қынаптағы қылыштаймын. Елуде һәр жұмысты жұмыстаймын Алпыс жаста тай жеген бөрідеймін, Жетпіс жаста илеген терідеймін (Шал ақын, Өлеңд.).

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *