Posted in

ҚЫРАУ ШАЛДЫ

Суық түсіп, дымқыл ауа жұқа қабат мұз жамылғысына айналды.~ Туырлықтың сыртын қырау шалса да, Ызғар өтпес соқсын боран қаншама. Н.Айт. ~ Нұрлы аспан күз бұлтымен тартып тарлан, Мезгіл еді кек жиегін қырау шалған. Д.Әб.

  1. Сақал-шашқа, самайға ақ түсті. ~ Сақал-шашын қырау шалса да жаны әлі жалын атқан сом денелі қарт бригадир осыны айтып айғай сала алдында үюлі жатқан көмірді бұрқырата жөнелді. Ә.Әб. ~ Қырау шалған самайыма бетін тақап, шаршаңқы жүзіме мейірім шуағын төккісі келгендей. Ж.Кем. ~ Есікті ұзын бойлы, қызыл шырайлы, қыр мұрынды, самайын ақ қырау шалған егделеу адам ашты. Ш.Уәл.
    3.Әлдебір жағымсыз сезімнен ішкі дүниесі суып кетті. * Қазір де төңірегі себепсізден-себепсіз суынып, іш дүниесін қырау шалғандай. С.Елу. ~ Мұз таулардың қойнауындай сіресіп, Қалды менің қырау шалған мұз-кеудем. Н.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *