Елемеді, санаспады, мән бермеді. ~ Алдында кетіп бара жатқан тұлыпты әскерді көре сала, қазақ – орыстар аюдай ақырып сауыттары саусылдап, құтырған кісідей, қуды да кетті. Оқ батырлап келеді, қашқындар қырау құрлы көрмейді. Ж.Айм. ~
Қордаланып, оңалып, етек алып кеткен шіркін, қайнап тұрған су болмаса, анау-мынауыңды қырау құрлы көрсін бе, қанша тарақтағанмен берекелі неме таусылмады. Ж.Айм. ~ . Біріккен жұрттар Қытайға тоң айбат көрсетіп, бұ қылығыңды қоймасаң, қиратамыз деген болды. Одан басқа түк бітірген жоқ. Қытай тобына да, мемлекеттеріне де күліп қарады. Тоң айбатын қырау құрлы көрмеді. Ж.Айм. ~ … құлама жарлауыт қабақ астына оты ойнай біткен қой көзі кедейліктің неше алуан езгісінен, жалшылықтың жаншуынан жасқанып, қылау құрлы көретін емес. І.Жанс.
