Сәтсіздікке ұшырай берді, жолы болмай қойды. * Бас қағынды тілмаш мінетін жирен қасқа аттың өлуі екен, содан былай-ақ әр нәрсенің жағдайы келмей, қырсық шалып, қитықтан ситық ұшырай берді. Ж.Айм. * Жолаушылардың көбісі үрейлене үрпиісіп отыр. Егделеу тартқан ер адам “Қап, қырсық шалды-ау! Мына күн қайтеді?” деп те елден ақ құла өкініш білдірді. А.Алт. * Қырсық шалып, пәлеге кезіккенде, Өмір сүрген қайғы, азап кешіп пенде. Р.Ниязб. * Шайтан түртті ме, неге ерегестім? Қырсық шалайын десе өзі оп-оңай екен ғой. Жаңа беті бері қарап, іш тарта бастаған елді тағы үркітпесем неғылсын?! М.Сүнд. * Жалбыздың жазы ұзақ. Әлі көгеріп, суға төніп тұр. Иттердің үргені естіледі. Ауыл алыс емес. Жетіп қалғанда қырсық шалды. Ш.Мұрт. ~ Алайда қу сор айдаған соң амалы қанша, әупірімдеп өз ел, өз жеріме жеттім, енді алла қолдап аманшылық болса алдағы арманым да орындалып қалар деген есекдәмемен дәл бүгінге жеткен еді-ау, болмады, қырсық шалды. Ш.Рах.
