Posted in

ҚЫРТЫСЫ ЖАЗЫЛДЫ

Көңілі жайланып, қабағы ашылды, ашуы басылды. * Қарт-қарт қабағының қыртысы жазылып, шаңдатып, күреңіткен жүзiне қан жүгіріп шырайланған. Қою қасының астындағы шарасы кеңдеу көзінің оты маздай түскен. С.Сар. ~ Талай жақсы да, жаман да адамды көріп, бір қабағын қарс жауып алған хозяйкаларға бір түнеп кететін бетсіз болып алғанмын, бұрынғы бұйығылығымнан арылып, осындайда іштей ерегесе кететін мінез тапқанмын. Сондықтан да үй иесінің қыртысы жазылмаған қатқыл ажарынан қаймыға қойғаным жоқ, алдымен бір түнеп кетуге сұрандым. Т.Ахт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *