Тілі ащы; біреуді кекетіп-мұқатып сөйлейтін адам. ~ Әзберген қырсық мінезді, қыршаңқы тілді болғанмен, қуыс кеуде қорқақтың бірі болатын. Бақтығұл сырын біліп, дөң-айбат жасап еді, сонысы ем болды. М.Әу. ~ Қыршаңқы тілді Қадыр Мырза Әли «өзбек ағайындар Бельгерден бір әріп болса да үнемдеп қаламыз деген ғой» деп әзілдеген. Г.Бель. ~ … әлгінің артын бағып, қырық құйқылжып отырған қыршаңқы тілді сұқты көз ауылдар өзін қайтадан табалап, қайтадан иықтай бастауы мүмкін еді. Ә.Кек.
