Posted in

ҚЫРЫС МІНЕЗ (МІНЕЗДІ)

Мінезі шатақтау. ~ Бірақ, бұл Разияға деген әлдеқандай бір өкпе, реніштен туған бекім емес. Өткен күзде кісі салып, құдалық сөйлесе барғанда қыз жақтың тұлан тұтып, аузына келгенді айтып, жаушыларды қуып салғанынан қалған қыжыл, өкпе, қырыс мінезден туған егес те емес. Ж.Сәм. * Замандастарының сөзіне қарағанда, Әбдікәрім қиғаштау сөйлейтін, қырыс мінезді адам екен. О.Сәрс. * Өткен ғасырдың басында Қармақшы жағында бір тентек адам өмір сүріпті. Өзі сөйлей қалса қасақана бұра тартып отыратын қырыс мінезді адам болыпты. Ол осы теріс әдетінен барқадам таппаса да, сүйекке сіңді мінезден қартайғанша арыла алмаған екен. БАҚ (“Сыр бойы”.) * Бұл оқиғаға қырыс мінезді, қырын пікірлі бірмойын ғалым емес, мұқым бір мемлекеттің идеологиясын белгілеп беріп отырған тарих институтындағы талқы кезінде басыр “оқымыстылар” … БАҚ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *