Көңілі жайланып, реніш, кейісі тарқады, қабағы ашылды; бойы ширады. ~ Ал жер-жерден келіп жеткен басқа болыстармен бас қосқанда Бектеннің әлгі қырыс-тырысы тез тарқап кетті. Өйткені басқа болыстар бүгежектеп қалған екен. Ш.Мұрт. ~ Түксиген маңдайына түсе қалған қырыс-тырысы жазылып, бет әлпетінде бір түрлі батылдық пайда болған сәтте сақалы да қырауланып қалған еді. Дж.Лонд. * Алшағыр лезде адам болды; қырыс-тырысы жазылып, жүзіне қызғылт рең жүгірді, көзі құбыла бастады. М.Қаб. ~ Сексеннің үшеуіне жасы келген Рысты шешей үйде отыра бергенше, бір мезгіл таза ауаға шығып, спортпен айналысу керектігін айтады. «Сонда адамның қырыс-тырысы жазылып, денсаулығы да түзеледі», дейді саламатты өмір салтын серік еткен кейуана. БАҚ (“ЕҚ”)
