Әрбір адамнан жақсылық күту керек д.м. ~ — Қарағым – ай! – деп бәйбіше абдырап қалды. – Қырықтың бірі қыдыр деп, себесіні тиер ме екен. Жұмабике – ай, әкелші баланы. Т.Әбд. ~ Нұрым тек ауылға басына шалма ораған біреу келсе: “Қырықтың бірі Қыдыр деп еді, лепесі қабыл болмас па екен?” деп, жанына мейіз, тағы сондай тәттілер алып жүгіріп, үшкіртіп жүруші еді. C.Тор. ~ Бір әдет қазекеңде содан қалған, Әр үйдің оған тәтті дәмі арналған. «Қырықтың бірі – қыдыр!» деген сөзге Құламай қалың елде қалар ма адам! Ғ.Қай. ~ Қызмет баспалдағымен қатарларынан бұрынырақ көтерілуіне «қырықтың бірі – қыдыр» дегендей сол «бата-тілектердің» әсері болды деп шүкіршілік ететін өздері. Е.Әлім.
