Есейіп, жігіт ағасы болған ер адам туралы. ~ Сөйтіп‚ түрме жастығын жеті жыл жастанып‚ жарма көжесі мен қара нанына жүрек жалғап келгенде‚ бір мүшел мерзімді араға сап аяғын шалыс басқанын бетіне салық еткені қырыққа келген қырқылжың шағында жанына қатты батты. Қ.Түм. ~ Не істеп-не қойып жүргенімді білсем, кәне. Қырықтан асқан қырқылжың емес, отқа-суға ентелеп, ұшып-қонған ұшқалақ бозбалаға айналып кеткендеймін. Т.Сәу.
